Ақтөбеде 4 жүкті келіншек коронавирустан көз жұмды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде коронавирус инфекциясын жұқтырған төрт жүкті келіншек көз жұмды. Үшеуінің сәбиі аман қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде инфекциялық кереуеттер жүктемесі 43, ал реанимациялық кереует жүктемесі ​ 40 пайызды құрап отыр. Сонымен бірге 1700-ден астам кереует резервте тұр.

«Қазір ауруханадағы 800-ден астам науқастың 88-і жансақтау бөлімінде жатыр. Жыл басынан бері 521 адам көз жұмды. Оның 353-і коронавирус инфекциясы, өзгесі пневмониядан», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Күштаева.
Облыс бойынша жыл басынан бері 4 жүкті әйел коронавирус инфекциясынан көз жұмған.
«Өкінішке қарай 26-38 жас аралығындағы төрт жүкті әйел көз жұмды. Олардың жүктілігі 34-36 апталық еді. Аман-есен өмірге келген үш баланы қазір туған-туыстары тәрбиелеп жатыр. Біреуі шетінен кетті. Жас аналардың созылмалы ауруы бар болған​ соң олардың​ өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Олар семіздік, созылмалы холецистит, пиелонефрит ауруларына шалдыққан», - деді Айгүл Күштаева.


Соңғы жаңалықтар