+7 (701) 759 90 19
USD 425.37 EUR 492.66
RUB 5.97 CNY 66.15
Jańalyqtar

Ақтөбеде 4 жүкті келіншек коронавирустан көз жұмды

2021 жылғы 21 қыркүйек 10:18
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде 4 жүкті келіншек коронавирустан көз жұмды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде коронавирус инфекциясын жұқтырған төрт жүкті келіншек көз жұмды. Үшеуінің сәбиі аман қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
QazVac қазақстандық вакцинасының 3 негізгі артықшылығы аталды БҚО мекемелері вакциналанбаған қызметкерлері үшін айыппұл төлейтін болады БҚО-да коронавируспен ауруханаға түскендердің 95 пайызы - вакцина алмағандар

Ақтөбеде инфекциялық кереуеттер жүктемесі 43, ал реанимациялық кереует жүктемесі ​ 40 пайызды құрап отыр. Сонымен бірге 1700-ден астам кереует резервте тұр.

«Қазір ауруханадағы 800-ден астам науқастың 88-і жансақтау бөлімінде жатыр. Жыл басынан бері 521 адам көз жұмды. Оның 353-і коронавирус инфекциясы, өзгесі пневмониядан», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Күштаева.
Облыс бойынша жыл басынан бері 4 жүкті әйел коронавирус инфекциясынан көз жұмған.
«Өкінішке қарай 26-38 жас аралығындағы төрт жүкті әйел көз жұмды. Олардың жүктілігі 34-36 апталық еді. Аман-есен өмірге келген үш баланы қазір туған-туыстары тәрбиелеп жатыр. Біреуі шетінен кетті. Жас аналардың созылмалы ауруы бар болған​ соң олардың​ өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Олар семіздік, созылмалы холецистит, пиелонефрит ауруларына шалдыққан», - деді Айгүл Күштаева.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT