Ақтөбеде 4 жасар бала суға батып кетті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбенің Кемпірсай өзені жағасында ойнап жүрген бала суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 26 тамыз күні Қарғалы ауданы Кемпірсай ауылы маңындағы өзенде болды.

«Арада 10 минут өткенде баланың денесін жергілікті тұрғын судан алып шықты. Балаларды бақылаусыз, қадағалаусыз қалдырмауды сұраймыз. Тіпті бассейн, ваннаға түскенде сақ болу керек», - деді облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Соңғы жаңалықтар