Ақтөбеде 4 геолог жоғалып кетті
2021 жылғы 27 қараша 13:35

Ақтөбеде 4 геолог жоғалып кетті

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде төрт геолог жоғалып кетті. Кешеден бері олардан хабар жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық Төтенше жағдайлар департамент баспасөз қызметінің хабарлауынша, 26 қараша сағат 15:00-ден бастап (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) Әйтеке би ауданы, Қайрақты ауылдық округі, Талдық ауылы маңынан 4 геологты іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олар 25 қараша күні сағат 10:30-да Қарабұтақ -Талдық - Қайыңды - Қайрақты ауылары бағыты бойынша «УАЗ» маркалы көлікпен шыққан. Соңғы рет 25 қараша күні сағат 18:00-де Талдық ауылына жете бергенде байланысқа шыққан.

«Бүгінгі күні құрамында 33 адам және 8 бірлік техникадан тұратын 5 іздеу тобы жұмылдырылды. 27-қараша күні сағат 11:00-де авиа іздеу үшін «Қазавиақұтқару» еврокоптері (Ақтөбе-Құмсай-Қайрақты-Қайыңды-Милысай-Аралтоғай) ұшты»,- деді Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі.


Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT