Ақтөбеде 350 мың теңге жарна жинаған жастар баспаналы болды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбелік жастар пәтердің алғашқы жарнасын жинап, бүгін бір бөлмелі пәтерге ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне 350 мың теңге жинаған жастардың алғашқы легі бүгін баспаналы болды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Жастар жылына байланысты облыс әкімдігі мен банк келісімі аясында 150 пәтер беру жоспарланған еді. Пәтер алдымен әлеуметтік салада еңбек етіп жүрген жастарға берілді. Олардың арасында дәрігерлер мен мұғалімдер, БАҚ өкілдері мен құқық қорғау саласының қызметкерлері бар.

«Баспананың жастар үшін қандай маңызы бар екенін білесіздер. Мемлекет басшысы Жастар жылы деп жариялағанда жастардың әлеуметтік жағдайын жақсартуды тапсырды. Өткен жылы өңірде «Жас барыс» форумы өтті. Сол кезде уәде берілді. Соның бірі - пәтер. Биыл 150 пәтер беру туралы айтылды. Соның 50-і бүгін берілді. Бұл пәтер аз қамтылған, көпбалалы, ата-анасыз қалған, әлеуметтік салада жұмыс істейтін жастарға тиесілі», - деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.
null

Айта кетейік, байқау туралы жарияланған соң 2 мыңнан астам жас өтініш білдірген. Жыл соңына дейін осы жоба аясында тағы 100 пәтер біріледі.

«Мен студент кезден бастап пәтерде жүрмін. Жұмыс істеп жүргеніме 4 жыл болды. Бір табыспен пәтердің 50 пайызын жинау қиын. Ал Жастар жылында берілген мүмкіндік біз секілді еңбеккерлер үшін үлкен көмек болды. Әріптесіммен 9 қабатты үйдің 8-қабатында көрші тұратын боламыз. Пәтер кең әрі жайлы. Ай сайын 35 мың теңге ақы төлейміз. Әрі бәрі де өзіміз секілді жастар», - дейді «Ақтөбе» газетінің тілшісі Ақерке Сатыбалды.

null null null null null null

Соңғы жаңалықтар