Ақтөбеде 300 орындық провизорлық стационар жабылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе қаласындағы медициналық университет жатақханасында орналасқан провизорлық орталық жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласында ауруханалардан өзге шипажайда, жатақханада провизорлық стационар жабдықталған болатын. Өкпе қабынуы дерті ушыққанда бәрі науқастарды қабылдады. Соңғы аптада ауырып ем іздегендер азайып, М.Оспанов атындағы БҚММУ жатақханасында провизорлық орталық жабылды.

«Жатақханадағы провизорлық орталық 300 кереуетке есептелген. Онда 800-ге жуық адам емделді. Қазір жабылады, бірақ жатақхана резерьвте болады. Оттек баллоны, оны беру жүйесі, дәрі-дәрмек қоры, кадрлары сақтаулы. Қажет болса бір күнде қайта ашылады. Енді «Дару» жеке емханасындағы орталық жабылуы мүмкін», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Самат Данияров.

Айта кетейік, қалада 5 провизорлық орталық жұмыс істеп тұр. Онда 1116 адам ем алып жатыр. Барлығында 3 мыңға жуық кереует бар.


Соңғы жаңалықтар