USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Ақтөбеде 300 мың теңге пара алған мектеп директоры әріптестерінің алдында сотталды

2017 жылғы 22 ақпан 19:07
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде 300 мың теңге пара алған мектеп директоры әріптестерінің алдында сотталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде 300 мың теңге пара алған мектеп директорына сот үкім шығарды. №24 орта мектеп гимназиясының директоры Айдархан Әзімбаев 3 жылға бас бостандығынан айырылды, ал парақорлыққа делдал болған есепші Майра Еділбаева 3 миллион теңге айыппұл өтейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласындағы №24 мектеп гимназиясының директоры Айдархан Әзімбаев 300 мың теңге пара алып, есепші Майра Еділбаева парақорлыққа делдал болды. Оқиға қаңтар айында тіркеліп, директор асхана меңгерушісінен алдымен 150 мың теңге, кейін тағы 150 мың теңге талап еткен. Өз талабын ол мектептің бас есепшісі арқылы жеткізіп, орындатты. Іске Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының облыстық департаменті араласып, мектеп директоры ұсталды.
null

Айыпталушы Айдархан Әзімбаев соңғы сөзінде кінәсін толық мойындап, кешірім сұрады. Үш баланың әкесі әрі зейнеттегі ата-анасының жалғыз асыраушысы соттан ауыр жаза тағайындамауды, бос бостандығынан айырмауды өтінді.

Есепші Майра Еділбаева да өз ісі үшін өкініп, ұзақ жылдар бойы адал еңбек еткен жеткізді. Енді бұл екі қызметші де мемлекеттік қызметке өмір бойы орналаса алмайды.
null

Айта кетейік, сот отырысы кезінде айыпталушыларды қолдап №2 және №24 мектеп ұжымы, ата-аналар мен оқушылар қолдау хат жолдады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT