Ақтөбеде 300-ге жуық адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде коронавирус инфекциясын жұқтырған 300-ге жуық адам стационарда жатыр. Оның арасында балалар мен жүкті келіншектер бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысында бір тәулікте 78 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның 15-і әлі 14 жасқа толмаған балалар арасынан тіркелсе, екеуі жасөспірім.

«Биыл 14 жасқа толмаған балалар арасында 924 жағдай тіркелді. Жалпы оқушылар арасында 1544 дерек тіркелсе, оның тоғызы өткен тәулікте анықталды. Негізі қазіргі кезде COVID-19-дың таралуы төмендеп келе жатыр», - деді Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаев. М

Ақтөбедегі инфекциялық стационарларда 294 адам ем қабылдап жатыр. Оның 21-і жансақтау бөлімінде.

«6 науқас өкпені желдету аппаратында болса, оның 13-і инвазивті емес өкпені жасанды желдету аппатарына таңылды. Вирус жұқтырған 434 баланы дәрігерлер бақылауға алса, оның 25-і стационарлық емде. Бәрінің жағдайы орташа ауыр. Сонымен бірге 255 жүкті әйелдің 31-і стационарда», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров.

Айта кетейік, Ақтөбеде 365 мыңнан астам адам вакцинаның екі компонентін қабылдаса, 60 мыңнан астамы ревакциналаудан өтті.

Pfizer вакцинасын 11 мыңнан астам алам салдырды. Көбі жасөспірімдер.


Соңғы жаңалықтар