Ақтөбеде 3 күнде 100-ге жуық табиғатты қорғау заңдылығын бұзу дерегі анықталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде ұйымдастырлған «Браконьер» жедел алдын алу шарасы кезінді киіктің лағын сойып алған күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

6-қаңтар мен 5-ақпан аралығында өңірде «Браконьер» шарасы өтеді. Үш күнде 100-ге жуық табиғатты қорғау заңдылығын бұзу дерегі анықталды. Оның 27-і заңсыз балық аулап, 53-і жануарлар дүниесі мен аңшылық талабын бұзумен байланысты.

«2-қаңтар күні Ырғыз аудандық полиция бөліміне »Охотзоопром« мекемесінің инспекторларынан хабарлама түсті. »Атанши« қыстағы маңында киік лағының өлексесі табылды, мүйізін кесіп алған. Іздеу жұмыстары кезінде 45 жастағы Қызылорда облысының тұрғыны ұсталды. Оның көлігінен киік терісі табылды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Заңсыз аңшылық» бабымен тергеу басталды.



Соңғы жаңалықтар