Ақтөбеде 28 жылдан кейін хоккей клубы қайта құрылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Арада 28 жыл өткенде «Ақтөбе» хоккей клубы қайта құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан хоккей федерациясы Ақтөбеде шайбалы хоккейден жастар лигасын құру бойынша шешім қабылдады. «Ақтөбе» ХК 7-8 қазан аралығында республикалық жастар хоккей лигасының маусымдық ашылуында алғашқы ойынын өткізеді. Алғашқы ойында «Ақтөбе» хоккей клубы петропавлдық «Құлагер» командасына қарсы матчта ойнайды.

«Енді бізде хоккей клубы бар. Бұл спорт түрінің  қайта жандануы аймақта қысқы спорт түрлерін дамытуға және жастардың қызығушылығын одан әрі арттыруға септігін тигізеді. Сондай-ақ, клубтың бас бапкері - словакиялық Юлиус Пензес. Бұған дейін «Ертіс» командасын жаттықтырған. Қазіргі уақытта, Ақтөбе өңіріне шақыртылып, өз жұмысын бастап кетті», - деді Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов.

Айта кетейік, 7-8 қазан аралығында республикалық жастар хоккей лигасының маусымдық ашылуы Ақтөбеде жаңадан бой көтеріп жатқан Мұз сарайында өтеді. 

Соңғы жаңалықтар