Ақтөбеде 23 жастағы жігіт өз сүйіктісін өлтірді деп айыпталуда

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Бүгін қылмыстық іс бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында 22 жастағы ақтөбелік қыздың өлімі бойынша алдын ала сот тыңдалымы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іс материалдарына сәйкес, Әсем Эльбрусованың өліміне оның сүйіктісі Бақыт Орынбасаров кінәлі деген айып тағылуда. Олар 2018 жылы танысқан, ал 2019 жылдың тамызында жігіт сүйіктісіне тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасаған.

«2019 жылдың 10 тамызында Бақыт Орынбасаров сүйіктісі Әсем Эльбрусованы жалдамалы пәтерге шақырған. Ұрыс кезінде ол қызды қолымен тұншықтырған. Сот медициналық сараптамасы көрсеткендей, бойжеткен механикалық асфиксиядан көз жұмды», - деді мемлекеттік айыптаушы Нұржан Әбләкімов.

Сотталушы кінәсін мойындады және 2019 жылдың 11 тамызында қамауға алынды.

Қаза табушының туыстарының айтуынша, Әсем биыл жоғары оқу орнын «психология» мамандығы бойынша бітірген, тұрмысқа шығуды жоспарлап жүрген.

Авторы: Самал Ендібаева

Соңғы жаңалықтар