+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Ақтөбеде 218 сынып карантинге жабылып, оқушылар онлайн оқып жатыр

2021 жылғы 15 қыркүйек 14:36
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде 218 сынып карантинге жабылып, оқушылар онлайн оқып жатыр

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде барлығы 219 оқушыдан коронавирус инфекциясы анықталып, 218 класс карантинге жабылды. Бір сыныпта егіз балалар вирус жұқтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысында мектепте оқып жүрген 355 оқушы коронавирус жұқтырды Батыс Қазақстанда оқушылар коронавирус жұқтырып, 84 сынып карантинге жабылды Алматыда коронавирус жұқтырған 77 бала ауруханада жатыр

Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарлауынша, 1-14 қыркүйек күндері аралығында 219 оқушыдан COVID-19 анықталған.

Оның 165-і қалада болса, өзгесі аудандарда. Вирус жұқтырғандардың бәрі бақылауға алынып, сыныптар карантинге жіберілген.

Арнаулы орта оқу орындарында 31 студенттен вирус анықталды. Қазіргі кезде 29 топ карантинге жіберілді.

Бір топтан екі студенттің ПТР сынамасы оң мән көрсетіп отыр.

«Сонымен бірге жоғары оқу орындарының студенттері арасында да вирус жұқтырғандар бар. Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде 7, ал С.Бәйішев университетінде 1 топ карантинге. Әр дерек бойынша эпидемиологиялық тексеру жүргізілді. Шектеу шараларын өрескел бұзу дерегі тіркелмеді», - деді Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT