Ақтөбеде 200 гектар аймақты шарпыған өрт әлі сөндіріліп жатыр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде далалық жанып жатыр. Өрт аумағы 200 га жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кеше сағат 02.20-да Алға ауданы, Қарақобда елді мекенінің аумағында құрғақ шөп жана бастады. Аумағы 200 гектарға жетті. Жануды жою үшін Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 44 қызметкері мен 3 техникасы және Қарақобда ауылдық округінің ерікті өрт сөндіру құрылымынан 20 қызметкер мен 4 техника жұмылдырылды. Қазіргі кезде өртті толықтай сөндіру бойынша тиісті шаралар қабылдануда»,- деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар