Ақтөбеде 200-ге жуық көлік қар құрсауында қалды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында күні-түні қар жауып, көліктер жолда қалып қойды. Қазір құтқару жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

3 қараша күні сағат 18:33-те «Самара – Шымкент» тасжолының 1153-1240 шақырымы аралығында көліктердің қар құрсауында қалғаны хабарланды. Ырғыз ауданы Қалыбай ауылы маңында жүк көліктерімен қатар жеңіл көліктер тұрып қалған.

«Шамамен 200-ге жуық көлік жолда тоқтап қалған. Оның 70-і - жеңіл көлік болса, біреуі - 15 жолаушысы бар автобус. Барлығы 125 жүк көлігі де бар. Қазір құтқару жұмыстары жалғасып жатыр», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, жолда қалғандар арасында өзге елдің азаматтары да бар. Құтқарылған адамдар жақын маңдағы жылыту орындарына жеткізіліп жатыр. ТЖД әзірге құтқару жұмыстарына қанша адам жұмылдырылғанын айта алмады. Құтқарылғандар арасында балалар да бар.

Соңғы жаңалықтар