Ақтөбеде 200-ге жуық адам ұсталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында да мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындары студенттерінің демалыс мерзімі ұзартылды. Ал балабақша жұмысын комиссия шешеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елдегі төтенше жағдайға байланысты және балалардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Білім және ғылым министрлігі жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар демалысын 17-қаңтарға дейін ұзартты. Сол сияқты арнаулы және жоғары оқу орындары студенттерінің демалыс мерзімі 24-қаңтарға дейін ұзартылды. Елдегі төтенше жағдай кезінде Ақтөбе облысындағы білім нысандарында ештеңе бүлінген жоқ. Жылу, су, жарық толық беріліп тұр. Ал балабақша жұмысы дүйсенді күні белгілі болады. Ол кезде комиссия өңірдегі жағдайға байланысты шешім қабылдайды. Ана-аналардан балаларды жанында ұстап, үйден шықпауын сұраймыз»,- деді облыстық білім басқармасының басшысы Жолдас Батырхан.

Айта кетейік, 7 қаңтар күні таңда Ақтөбеде арнайы операция жүргізілді. Ақтөбе облысы әкімдігінің ғимараты полиция мен жергілікті атқарушы биліктің қарауына алынды. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 200-ге жуық адам ұсталып, қылмыстық, әкімшілік жауапқа тартылып жатыр.


Соңғы жаңалықтар