Ақтөбеде 2 көлік соқтығысып, жолаушы көз жұмды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде екі жеңіл көлік соқтығысып, бір жолаушы көз жұмды. Тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Lada Vesta» маркалы автокөлігінің 22 жастағы жүргізушісі Қарабұтақ ауылынан Хромтау қаласына қарай шығып, жолдың қарсы бағытына өтіп кеткен. Сол кезде Ақтөбе қаласынан Хромтауға бет алған «Lada Priora» автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Lada Priora» автокөлігінің бір жолаушысы алған жарақатынан қайтыс болды. Екінші жолаушы Хромтау қаласының ауруханасындағы хирургия бөлімшесінде жатыр.

«Осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу» бабымен іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Жалпы былтыр 587 жол-көлік оқиғасы болды. Онда 95 адам қаза тауып, 780 адам түрлі жарақат алды. Статистика көрсетіп отырғандай, өткен жылы балалардың қатысуымен 99 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Онда бес бала қаза тапты және 118 бала жарақат алды. Ал жаяу жүргіншілердің қатысуымен 200-ден астам ЖКО тіркелді. Биыл 17 жол-көлік оқиғасы тіркелса, онда 2 адам қаза тауып, 27 адам жарақат алды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Соңғы жаңалықтар