Ақтөбеде 18 мыңнан астам адам ревакцинациядан өтті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысы бойынша 18 мыңнан астам адам ревакцинациядан өтті. Облыс бойынша 340 мыңнан астам адам вакцинаның екі компонентін салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 39 адам инфекциялық стационарларда ем алып жатыр. Оның 10-ы жансақтау бөлімінде.

«Коронавирус инфекциясын жұқтырған 6 баланың бәрі қазір үйінде. Олардан ауру белгісі анықталмады. Сонымен бірге үш жүкті келіншек ауруханада жатыр. Барлық кереует саны 2729. Қазір оның 2634-і резервте. Әзірге инфекциялық стационарда 95, реанимацияда 20 төсек-орын бар. Инфекциялық бөлімдер жүктемесі 41%, жансақтау бөлімінде 50 % құрап отыр»,- деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Аманжолова. Оның айтуынша, облысқа бүгінге дейін 938 мыңнан астам вакцинасы әкелінді. Барлығы 340 мыңнан астам адам вакцинаның екі компонентін де салдырды.

«18 мың адам ревакцинациядан өтті. Ал Pfizer вакцинасын 5 мыңға жуық адам салдырды. Оның 3 мыңнан астамы - жасөспірімдер», - деді Айгүл Аманжолова.


Соңғы жаңалықтар