+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Ақтөбеде 175 студент облыс әкімінің шәкіртақсысына ие болды

2021 жылғы 12 қазан 23:51
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде 175 студент облыс әкімінің шәкіртақсысына ие болды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Биыл арнаулы орта және жоғары оқу орындарының 175 студенті облыс әкімінің грантын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде облыстық мәслихаттың экс-депутаты ақталып шықты Ақтөбеде жетім балалар мен аз қамтылған отбасылар баспаналы болды Ақтөбеде екі оқушыны көлік қағып кетті

Студенттермен кездесу барысында облыс әкімі Оңдасын Оразалин жастарға бағытталған жан-жақты қолдауға тоқталып, оқу орындарының 10 өкіліне атаулы стипендиясын табыс етті.
«Мемлекет басшысы атап өткендей, жас ұрпақты қолдау өте маңызды. Өйткені мемлекеттің дамуы мен болашағы тікелей осыған байланысты. Бүгін өңіріміздегі жоғары және арнаулы орта оқу орындарының үздік және белсенді студенттерімен кездесіп, атаулы стипендияны табыстадым. Жалпы атаулы стипендия ынталандыру мақсатында соңғы үш жылдан бері оқу үлгерімі жоғары және облыстың қоғамдық жұмыстарына етене араласып жүрген 2-3 курс студенттеріне тағайындалып келеді. Жауапты сала басшыларына бұл игі істі жүйелі түрде жүргізіп отыруды тапсырдым», - деп атап өтті облыс әкімі.
Айта кетсек, облыс әкімінің стипендиясы 2017 жылдан бері беріліп келе жатыр. Осы жылдар аралығында жоғары оқу орындарының 1074, кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының 300 студентіне атаулы стипендия тағайындалды. Биылғы жылы стипендия оқу үлгерімінде оң көрсеткіші бар, қоғамдық өмірге белсене қатысатын талантты және дарынды, әлеуметтік осал топтағы 175 адамға тағайындалды. Жоғары оқу орындарының 145 студентіне 160 мың теңге көлемінде және кәсіби-техникалық білім беру мекемелерінің 30 студентіне 80 мың теңге көлемінде беріледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT