Ақтөбеде 15 атыс қаруы тәркіленді

Фото: None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат –Ақтөбеде бір аптада 15 атыс қаруы заңсыз айналымнан алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде «Қару» жедел алдын алу шарасы өтті. Онда 15 қару (соның ішінде ойық-1, тегіс ұңғылы-12, газды-1, электрлі-1) заңсыз айналымнан алынды. Сондай-ақ 47 дана суық қару (пышақ) тәркіленді.

«Тексеру барысында барлығы 143 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде қаруды заңсыз сақтағаны үшін – 13, қаруды сақтау және алып жүру ережелерін бұзғаны үшін – 83 және қаруды қайта тіркеуді бұзғаны үшін – 47. Мысалы полиция қызметкерлері шара барысында Мәртөк ауданының 45 жастағы тұрғынының үйінен заңсыз сақталған маркасы белгісіз мылтық тауып, тәркіледі. Ер адамның айтуы бойынша, мылтықты қамыс арасынан тапқан. Сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Соңғы жаңалықтар