Ақтөбеде 147 өкпені жасанды желдету аппаратына тапсырыс берілді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде коронавирус инфекциясына қарсы күрес жұмысы пысықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржауған Қалауов өңірдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақты екенін жеткізді.

«Төсек-орын жүктемесі 78%-дан 16,2%-ға төмендеді. 315 төсек-орын дайындалды. Тағы 3 588 төсек-орын резерьвте тұр. Жедел жәрдем шақырту үш есе, науқастарды стационарларға жатқызу 10 есе азайды»,- деді Нұржауған Қалауов.

Дайындалған төсек-орынның 401-і жансақтау бөлімінде. Жаз бойы екі емдеу мекемесі жөнделді. Стационарлар тиісті жабдықтармен жарақтанған. Кереуеттер оттегімен 93% қамтылып, үш стационар орталықтандырылған оттегі жүйесіне қосылды. Қосымша өкпені жасанды желдететін 147 аппарат, компьютерлік томограф, 13 стационарлық рентген аппараты, екі жылжымалы рентген аппараты, автономды оттегі бекеті мен екі жылжымалы медициналық кешен жеткізілуі тиіс. Медициналық мекемелерде дәрі-дәрмек және жеке қорғаныс құралының қоры бар. Барлығы 37 бақылау тобы 1 000 заң бұзушылықты анықтап, 816 материал қаралды. Нәтижесінде 71,5 млн теңгеге айыппұл салынды

«Барлық ауруханалардың санитарлық талаптарға сәйкестігін, жабдықтардың, дәрілік заттардың, жеке қорғаныс заттарының барын тексеріңіздер. Егер жағдай нашарласа қалалық стационарларға жүк түспеу керек»,- деп тапсырды облыс әкімі Оңдасын Оразалин.


Соңғы жаңалықтар