Ақтөбеде 1250 адам коронавирус инфекциясынан ем қабылдап жатыр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбедегі инфекциялық стационарларда 1250 адам жатыр. Оның 17-і өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы бойынша бір тәулікте 123 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның 108-і вирустың симптомды түріне шалдыққан. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаровтың айтуынша, барлығы 109 адам жансақтау бөлімінде жатыр.

«17 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына, 40 науқас инвазивті емес аппаратқа қосылған. Балалар туралы айтар болсам, барлығы 394 баланың 24-і ауруханада жатыр. Олардың жағдайы орташа ауыр. Сонымен бірге коронавирус инфекциясын жұқтыран 146 жүкті келіншектің 56-сы ауруханаға жатқызылған. Төртеуінің жағдайы ауыр», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров.

Қазіргі кезде облыс бойынша инфекциялық кереует жүктемесі 66,4 %, реанимациядағы жүктеме 49% болды. Өңірде вирустың таралуының алдын алу, карантин шектеуінің сақталуын бақылап отырған мониторинг топ жұмысын жалғастырып жатыр.

«23-30 тамыз аралығында облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде 48 материал түсті. Оның 27-і қаралып, өзгесі тексеріліп жатыр. «Алтын шатыр» мейрамханасына үш рет, «Тұмар», «Юрта», «Нұр» ресторандарына екі рет, сондай-ақ «Хан сарайы», «Алтын», «Тұрар», «Көркем», «Сәке», «Асыл» мейрамханаларына той-думан өткізгені үшін айыппұл салынды. Маска тағу режимін сақтамағаны үшін «Дина» гипермаркетінің әкімшісіне, карантин режимін сақтамағаны үшін лаундж бар, бірнеше дүкенге әкімшілік хаттама толтырылды», - деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева.


Соңғы жаңалықтар