Ақтөбеде 12 жүк вагоны рельстен шығып кетті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат  - Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, 142 разъезде 12 жүк вагоны рельстен шығып кетті. Қазір жөндеу жұмыстарына Қандыағаш пен Мақат стансасының жұмысшылары жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір №309 Ақтөбе-Маңғыстау пойызы Қарауылкелді стансасында тұр. Ол пойыздың жолаушылары басқа көлікпен Ақтөбеге жөнелтіліп жатыр. Разъездегі жөндеу жұмыстары үздіксіз жүруде. Бізге көмекке Қандыағаш пен Мақат стансасының қалпына келтіру пойызы келіп, жолды аршып жатыр. Барлығы 12 вагон рельстен шығып кетті. Бір сағаттан соң теміржол қатынасы қалпына келеді»,- деді 142 разъезд бастығы Жанболат Темірбайұлы.

Оқиға орнында арнайы комиссия жүр. Зардап шеккен ешкім жоқ. Оқиға сағат 10:00 шамасында болған. 

Соңғы жаңалықтар