Ақтөбеде 105 жастағы кейуана сайлау учаскесіне өзі барып, дауыс берді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде 105 жастағы Жақыбай Бисенғалиев №26 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде облысында барлығы 517 сайлау учаскесі бар. Олардың 162-cі Ақтөбе қаласында орналасқан. Өңірде 4 мыңға жуық адам өз үйінде отырып, 700-ден астамы емдеу орындарында таңдау жасауға өтініш берген. Алайда 105 жастағы кейуана баласымен бірге сайлау учаскесінде дауыс беруді ұйғарған.


«Бұрын ерте тұрып, алғашқылардың бірі болып, дауыс беретін едім. Қазір қартайдық, өзіміз келе алмаймыз. Баламмен бірге келіп, таңдау жасадым. Қазақстан, елім аман болсын! Өзім әр сайлауға қатысып, лайықты таңдау жасап жүрмін»- деді Жақыбай Бисенғалиев. Кейін кейуана ақ батасын берді.

Айта кетейік, Жақыбай Бисенғалиева Ақтөбе облысы, қазіргі Хромтау ауданы, Қызылсу ауылындағы көпбалалы отбасында дүниеге келген. Ойы зерек, білімге құштар болған Жақыбай Бисенғалиева хат танығанымен, ауылда молда болмады. Сөйтіп оның талабы орта жолдан кесілді. Ал 30-жылдары ауылға орыстар қоныстанып, қарапайым тұрғындар жер жыртып, көкөніс еге бастады. Анасы науқас, әкесі отбасын өзі асыраған кезде Жақыбай әже де қарап қалмады. Үйдің бар ауыртпалығын көтеріп, таңнан кешке дейін еңбек етті. Бауырларына қамқор болып, олардың аяқтанып кетуіне көмектесті. Сөйтіп өзі кеш тұрмыс құрды. Отағасы Ғабит Бисенғалиев қызметте болды. Жас отбасының бұл қуанышы ұзаққа созылмай, Екінші дүниежүзілік соғыс басталып кетті. Соғыстан аман-есен оралған соң үш бала сүйді. Қазір жеті шөбересі бар, өзі немересінің қолында тұрады.


Соңғы жаңалықтар