Ақтөбеде «100 жаңа есім» жобасының екінші кезеңі басталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» республикалық жобасының 2-ші кезеңі басталды. Бұл туралы Ақтөбе облысының өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында «Қоғамдық келісім» ҚММ жетекшісі Зәмзәгүл Бимағамбетова айтты.

«Біз «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының 2-ші кезеңіне қатысуға үміткерлерден өтінімдер қабылдауды бастадық. Оның басты ерекшелігі - енді үміткер нақты ұйымның атынан ұсынылатын болады. Осылайша, біз, әртүрлі салалардан, жеке және кәсіби жетістіктерінің бірегей тарихы бар қоғамдық ұйымдардан, салалық қауымдастықтардан, қызметтер мен кәсіптер түрлерінен үміткерлер базасын қалыптастыра аламыз», - деді Зәмзәгүл Бимағамбетова.

Жобаға қатысуға өтінім осы жылғы 10 қыркүйекке дейін қабылданатынын ескерте кеткіміз келеді. Үміткерлердің түпкілікті тізімі онлайн дауыс беруді ұйымдастыру үшін El.kz порталында орналастырылатын болады.

Онлайн дауыс беру ағымдағы жылғы 20 қыркүйек пен 10 қазан аралығында өтеді.

Соңғы жаңалықтар