Ақтөбеде 100-ден астам қалта ұрысының фотосы қоғамдық орындарға ілінді
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе полициясы 100-ден астам қалта ұрысының фотосын автобустар мен аялдамаларға іліп қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ұрылар таңертең сағат 7:30 бен 9:00 және кешкі сағат
17:00 мен 19:00 аралығында автобус ішінде жүреді.
«Әйелдер мен қыздар ақшаларын, ұялы телефондарын, бағалы заттарын ұрлатып
алады. Құжаттар мен әмиянды полиэтилен пакетке және артқы қалтаға салып жүруге
болмайды. Жолаушыларға тым жақын тұрмаған жөн. Жыл басынан бері Ақтөбе қаласы
аумағында 358 қалта ұрлығы тіркеліп, оның ішінде 45 адам ұсталды. 59 қылмыстық
іс дәлелденіп, бірнеше ұрлық жасағандары да анықталды», - деп
хабарлады облыстық ПД баспасөз жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Қалта ұрлығына қарсы күресті күшейту және алдын алу мақсатында
«Автопарк» серіктестігі мен «Троллейбус паркі» мекемесінің
қызметкерлерімен бірлескен жұмыстар жүргізілуде. «Абайлаңыз, қалта ұрылары»
атты буклеттер жасалып, қалта ұрылары ретінде ішкі істер органдарында есепте
тұрған 78 адамның фотосуреті мен көрнекі плакаттар автобус ішіне ілінді.
Ақтөбе облыстық полиция департаментінде 100 адам қалта ұрысы ретінде арнайы есепте тұр. Биыл оған тағы 20 адам қосылды.
- Түркістанда мұғалімді ұстап әкеткен полицей қызметінен шеттетілді
- Шымкенттік полицейлер Тәуелсіздік күні мерекесін атап өтті
- Роман Скляр «КамАЗ» зауытының 50 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысты
- Ақтөбеде оқушыны зорлаған күдіктіні іздеу жұмысын министрлік бақылауына алынды
-
Өңір дамуына үлес қосқан ақтөбеліктер марапатталды
-
Шымкенттің жедел жәрдем қызметі 100 жаңа көлікпен толықты
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам