Ақтөбеде 10 жылдан бері құжатсыз жүрген Өзбекстан азаматы паспорт алды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Осыдан 10 жыл бұрын Ақтөбеге келіп, тұрақтап қалған қала тұрғыны төлқұжатын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласының тағы бір тұрғынына құқықтық мәртебе берілді.

Тимур Саттаров 10 жыл бойы Өзбекстан Республикасының елшілігінен анықтама ала алмаған.

«Ақтөбе облыстық полиция департаментінің көші-қон қызметі ресми сұраныс жіберіп, анықтаманы алуға көмектесті. Сөйтіп Тимур Саттаров азаматтығы жоқ адамның куәлігін алды. Жақын арада ол Қазақстан азаматының жеке куәлігіне қол жеткізеді», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Тимур Саттаров көші-қон қызметкерлеріне алғысын айтып, бір арманының орындалғанына ризашылығын білдірді.


Соңғы жаңалықтар