Ақтөбеде 10 жастағы бала іздестіріліп жатыр

None
None
 АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде 10 жастағы Біржан Ерсайынов іздестіріліп жатыр. Ол кеше кешкілік ойынға кетіп, үйіне қайта оралмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласындағы Жаңақоныс ауылдық округінің кішкентай тұрғыны жан-жақтан іздестіріліп жатыр. Новый орта мектебінің 4 сынып оқушысы Біржан Ерсайынов кеше кешкі сағат 5-пен 6:00 арасында үйінен шығып кеткен. Ойынға кеткен баланың үстінде қара күртеше мен қара бас киімі бар.

«Облыстық ішкі істер департаменті төтенше жағдайлар қызметімен бірлесе баланы іздеп жатыр. Толық дерек қосымша хабарланады»,- деген ақпарат таратты облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Қазір ауыл маңына жиналған қар суын сүңгуірлер шолып жүр. Себебі, Біржан Ерсайыновты су үстіндегі сеңге секіріп ойнап жүргенін көрген адамдар бар. Іздеу жұмыстарына Новый орта мектебінің мұғалімдері де жұмылдырылған. Әзірге еш нәтиже жоқ. 

Соңғы жаңалықтар