Ақтөбеде 10 жасар оқушы сабақ үстінде көз жұмды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі №38 орта мектепте оқушы қыз сабақ үстінде көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбедегі қазақ орта мектебінде оқитын Ділназ Әбішева соңғы сабақта есінен танып қалған. Сол кезде дереу өзінен бір сынып жоғары оқитын ағасы шақырылып, ата-анасына хабар берілген.

"Оқушы сынып жетекшісі тәрбие сағатын өткізіп жатқан кезде есінен танып қалған. Сол кезде мектеп медбикесі алғашқы көмек көрсетті. Ата-анасы шақырылды. Жедел жәрдемге бірнеше рет қоңырау шалғанымызбен, ұзаққа дейін келмеді. Ал келген кезде медбике мен ата-анасы ауруханаға бірге кетті", - деді орта мектеп мұғалімі Айнагүл Жайлышева.

Жедел жәрдем кешіккен соң мектеп қызметкерлері есік алдына шығып, Жұбанов көшесімен келе жатқан көлікті тоқтатып алған да, оқушыны дереу ауруханаға алып кеткен. 

"Сол күні дене тәрбиесі сабағы болған. Бірақ қыздарға күш түсіретін жаттығу өтпеді. Бала есінен танған кезде жасанды тыныс алу жасалды. Жедел жәрдем 20 минуттан кейін келді. Ал арада бір сағат өткенде баланың көз жұмғаны туралы хабар келді", - деді мектеп директоры Назгүл Қасен.

Анықталғандай, 10 жастағы Ділнәз Әбішева бұған дейін де өзін нашар сезінген екен. Ол кезде ата-анасына баланы емдету қажеттігі айтылған.

Айта кетейік, оқушы бұл мектепте 1-сыныптан бастап оқыған. 


null 

Соңғы жаңалықтар