Ақтөбеде 10 мың отбасына 50 мың теңгеден көмек берілмек

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбедегі 10 мыңнан астам отбасыға көмек берілмек. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ербол Данағұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Партиялықтар оңтайлы тәсіл арқылы халықпен байланыс орнатқан. Ербол Данағұловтың айтуынша, ⠀Елбасының тапсырмасымен «Nur Otan» партиясы алғашқы күннен бастап өзінің бүкіл әлеуетін Президент жариялаған коронавируспен күрес шараларын қолдауға, мұқтаждарға көмек ұйымдастыруға жұмылдырды. Елбасы бастамасымен «Birgemiz» қоры құрылып, бүгінде қорға кәсіпкерлерден 23,5 миллиард теңгеден астам қаражат түскен. Көмектің алғашқы толқынында республика бойынша 152 мың отбасы 50 мың теңгеден біржолғы көмек алды.

Тікелей эфир барысында Ербол Данағұлов «Birgemiz» қоғамдық қорынан кім қандай қолдау ала алатынын нақты түсіндірді. Қордан осыған дейін Ақтөбе қаласындағы 7894 адамға 7 санат бойынша көмек көрсетілген.
«Партиямыздың лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен 27 сәуірден бастап екінші кезең басталады. Ақтөбеден 10 557 мұқтаж отбасы қамтылып, оларға мамыр айынан бастап 50 мың теңгеден аударылатын болады. Олар ІІ және ІІІ топтағы мүгедектер және аз қамтылған отбасылар», - деді Ербол Данағұлов.
Эфирде бұдан басқа да партия мен мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік қолдау мәселелері талқыланды.

Мәселен тұрғындар «BizBirgemiz» акциясы жұмысына қызығушылық танытып, азық-түлік көмегін сұрады. Белгілі болғандай, партияның облыстық филиалы төрағасы, облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің қолдауымен ақтөбеліктер акцияға белсене атсалып келеді. Бүгінге дейін 3728 отбасына азық-түлік таратылды. Сондай-ақ партияның Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары «Nur Otan» осы игі іске 150 млн теңге бөліп, партияның орталық аппараты мен филиалдарының қызметкерлері қосымша өздерінің бір күндік жалақысын аударғанын атап өтті.
Айта кетейік, көпбалалы, мүгедек бала тәрбиелеп отырған аналар көп сұрақ қойды. Сонымен бірге Алға, Әйтеке би, Байғанин, Мұғалжар, Ойыл, Шалқар аудандарының тұрғындары белсенділік танытты. Тұрғындар тек қаржылай көмек сұрап қойған жоқ. Мысалы, Әйтеке би ауданының тұрғыны, көпбалалы ана Венера Қожахметова бау-бақшаны қопсытуға жасотандықтардың қолғабыс етуіг сұрады. Бір сағатқа созылған тікелей эфирде тұрғындардан 200-ден астам сұрақ түсіп, оның жартысынан астамына жауап берілді.


Соңғы жаңалықтар