Ақтөбеде 1 шілдеде туған әр балаға домбыра сыйға беріледі

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде Астана күніне арналған 3 мыңға жуық шара ұйымдастырылады. 1 шілде күні 500 ақтөбелік қолына домбыра алып, флэшмобқа қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астана қаласының 20 жылдығына арналған мәдени-бұқаралық шара жыл бойы өткізілілуде. Мәселен, шығармашылық ұжымдар Ресейдегі, Түркиядағы, Италиядағы, Индиядағы фестиваль-конкурстарға қатысып, Орынбор облысымен шекаралас бес ауданда «Астана - арман қала» атты мәдени іс-шаралар өткізді. Ал Өзбекстанның Нөкіс қаласында «Ақтөбе-Нөкіс: әріптестік пен өзара ынтымақтастық» атты концерт ұйымдастырылды.

«25 маусымда мәдениет және өнер қайраткерлері, белсенді жастар қатысқан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды  облыстарында және тағы да 11 елдімекенде болатын «Құтты мекен Ақтөбеден арайлы Астанаға» автокеруені жолға шықты. 1-шілдеде автокеруен 5170 шақырым жол жүріп, Астанаға жетеді. Сонымен қатар, «Туған жерім-нұрлы елім» Ақтөбе облысы аудандарының күні басталады. 30 маусым - 6 шілде аралығында Ақтөбе облысында «Plain Air» көркемөнер симпозиумы, шілдеде -«Ән-ғұмыр» республикалық ретро фестивалі, «Дала аккорды - Степной аккорд» бард әндерін орындаушылардың халықаралық фестивалі, ал тамызда «Жібек жолы» республикалық конкурсы болады»,- деді облыстық мәдениет басқармасының басшысы Маржан Қорғанбаева.

Ұлттық домбыра күні Ақтөбедегі «Қазақ елі» стелласының жанында қазақтың ұлттық аспаптарының мұражайы ашылады. Сонымен қатар, 500 ақтөбеліктің, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның ұлт аспаптар оркестрінің қатысуымен флэшмоб өткізіледі. 

«Ақтөбе облысында 1 шілдеде туған әрбір отбасыдағы алғашқы балаға домбыра сыйға тартылады. Тұтастай алғанда, Ұлттық домбыра күніне облыс бойынша 300-ге жуық іс-шараны өткізу жоспарланып отыр.  Байғанин, Алға, Темір, Қобда, Мұғалжар, Ойыл аудандарында домбыра пати өтеді. Алға ауданының тұрғындары бір уақытта жаппай күй орындап, Темір ауданында «Алтын домбыра» жас күйшілер байқауы, Мәртөкте жастардың қатысуымен флешмоб, домбырашылар байқауы ұйымдастырылады»,- деді Маржан Қорғанбаева. 

Соңғы жаңалықтар