Ақтөбеде 1 мыңнан астам бала қашықтан оқып жүр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде коронавирус инфекциясын жұқтырған және науқастармен байланыста болған 1648 бала қашықтан білім алып жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы бойынша 418 мектепте 166 мыңнан астам бала бар болса, оның 131 829-ы дәстүрлі форматта оқиды.

Ал 33 мың бала үш ауысымды мектепте білім алып жүрген соң оларға аралас формат енгізілді.

Яғни, негізгі пәндерді мектепте оқып, қосымша пәндер қашықтан оқытылады.

«Үшінші әдіс – онлайн оқу. Бұл балаларға оқулық таратылады, цифрлық оқыту ресурстары беріледі. Ата-аналардың өтінішімен онлайн форматты таңдағандар мектепке тек жиынтық бағалау кезінде келеді. Егер қанағаттанарлықсыз баға алса, мектепке қайтарылады. Бірақ бұл жолды таңдаған бала жоқ. Қазір тек коронавирус инфекциясын жұқтырған және науқастармен байланыста болған 1648 бала оқшауланып, қашықтан білім алып жүр»,- деді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова.

Оның айтуынша, созылмалы дерт, демікпе секілді ауруға шалдыққан 48 балаға өздігінен оқуға мүмкіндік берілді.


Соңғы жаңалықтар