Ақтөбеде 1 мың медицина қызметкері вакцина қабылдады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысына 1 мың доза жеткізіліп, «қызыл» аймақта жүрген медицина қызметкерлері алғашқы екпені қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Арнайы жоспар құрылған. Вакцинациялау жалғасады. Кейін мұғалімдер, мемлекеттік қызметкерлер мен полиция қызметкерлері екпе қабылдайды. Барлығы 25 арнайы орын бекітілді. Олар құрал-жабдықпен қамтамасыз етілді. Екпе бригадасы алдын ала дайындалып, оқытылды. Вакцинация кезінде 1 мың медицина қызметкері егілді. Денсаулығына шағым айтқан ешкім болмады», - деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшының орынбасары Мұхтар Сербаев.

Ақтөбе облысының бас инфекционист дәрігері Мейрамбек Құрманғазин халықпен тығыз байланысты жұмыс істейтін қызметкерлер бірінші болып иммундалатынын жеткізді.

«Келесі аптада вакцинаның екінші бөлігі жеткізіледі. Жетпей қалды, таусылды деп айтуға болмайды. Алғашқы лекте 1 мың адам қабылданса, олар екінші дозаны алады. Екпе алған орны қызарып, қызуы көтерілгендер болды. Бірақ бұл қалыпты жағдай. Кейбірі өз денсаулығын тексеріп, вакцинациялауға үлкен жауапкершілікпен қарады», - деді Мейрамбек Құрманғазин.


Соңғы жаңалықтар