Ақтөбеде 1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Биыл Ақтөбеде 1 миллион шаршы метр тұрғын үй қолданысқа беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде өткен жылы 1 миллион шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді. Биыл да бұл көрсеткіш сақталды. Жыл басынан бері 558 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді. Бұл дегеніміз 3785 пәтер. «7-20-25» бағдарламасы аясында шамамен 1 400 өтінім мақұлданды.

«Тұрғын үй кезегінде 31,2 мың адам тұр. Оның ішінде 16,5 мыңы халықтың әлеуметтік осал топтарынан, 2,8 мыңы көп балалы отбасы. Биыл 1 084 отбасына пәтер беру жоспарланса, оның 485-і қоныс тойын тойлады. Бұл мақсатқа 6,5 млрд теңге қарастырылған. Келесі жылға 1,1 млн шаршы метр тұрғын үйді немесе 7 500-дей пәтерді пайдалануға беру жоспарланған»,- деді Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин

Айта кетейік, індет кезінде коммуналдық қызметтер тарифі 20%, аудандар бойынша 50% төмендетілді.


Соңғы жаңалықтар