+7 (701) 759 90 19
USD 389.62 EUR 429.98
RUB 6.06 CNY 55.08
Jańalyqtar

Ақтөбеде 1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

2019 жылғы 19 маусым 20:13
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде 1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында биыл 1 миллион шаршы метр тұрғын үй салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы бойынша «Нұр Ақтөбе» ықшам ауданында құрылысы жұмысы қарқынды жүріп жатыр. 2019 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында 244 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

«Қазір аумағы 30,9 шаршы метр болатын сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтер салынып жатыр. Мұнда барлығы 533 пәтер болады. Тұрғын үй Ақтөбе қаласы мен аудандарда бой көтереді. Сонымен қатар, «Бәйтерек Девелопмент» АҚ арқылы 64,2 мың шаршы метр тұрғын үй салынады. Мұнда 1191 пәтер болады», - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

«Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы екі тұрғын үй салып жатыр. Бес қабатты тұрғын үйде 305 пәтер бар. Алдағы уақытта коммерциялық пәтерлермен қатар көпбалалы, мұқтаж отбасылар мен бюджеттік сала қызметкерлеріне осы тұрғын үйден баспана беріледі.

«Бұл «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының алғашқы жобасы. Біз 2 гектардан астам жер мен дайын жобалық-сметалық құжат бердік. Құрылыс компаниясы салып, бір бөлігін мемлекетке береді. 2019 жылдың аяғында құрылыс жұмысы аяқталып, қолданысқа беріледі. Жоба құны - 3,1 миллиард теңге. Алдағы уақытта осы жолмен үй салу жұмысы жалғасады. Қазір жобаларымыз дайын», - деді «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы құрылыс және жер қатынастары басқармасының бас менеджері Жамбыл Нұрбаев.

Әрі «Нұр-Ақтөбе» ықшам ауданында әлеуметтік осал топқа арнап 27 тұрғын үйдің құрылысы басталды. Аумағы - 86,2 мың шаршы метр. Онда 1341 пәтер болады.

«Биыл Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы «Бақытты отбасы» бағдарламасы іске асырылады. Облыста тұрғын үй сертификатын бөлуге 200 миллион теңге бюджеттен бөлінді. Бұл ақша алғашқы жарна төлей алмайтын отбасыларға беріледі», - деді облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Президент Қасым - Жомарт Тоқаев он бағытты атады. Бесінші бағытта тұрғын үй мәселесін шешу тапсырған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT