Ақтөбеде 1 миллион түп көшет отырғызылады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде 1 гектар аумаққа 1 миллион түп көшет отырғызылады. Сонымен қатар, декоративті ағаштарды егуге 30 миллион теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде көгалдандыру жұмыстары ұйымдастырыла бастады. Биыл қаланың әрін келтіретін гүл мен жасыл шөп егу жұмыстарына 486 миллион теңге қарастырылған. 1 мың гектар жерге 1 миллион түп ағаш отырғызылады.

«Гүл егу аймағы кеңейіп, 200 мың шаршы метрге жетті. Сонымен қатар, 4,5 мың түп декоративті көшет отырғызылады. Бұл жұмыстар қыста басталған болатын. Көктемде жалғастырылып, жазда гүл егіледі», - деді Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Нағымжан Алдияров. Сонымен қатар, биыл қалада 28 саябақ пен гүлзар ашылады. Демалыс аймағының бәрі көгалдандырылып, тұрғындардың тынығуына жағдай жасалады.

Айта кетейік, қалалық әкімдік ағаш жапырақтарын жейтін зиянкес жәндіктермен күресті ерте бастауды ұсынды. Бұл жұмыстарға биыл он есе көп қаржы бөлінді. Яғни, улау жұмыстарына 60 миллион теңге жұмсалады. Себебі, 2016 жылы қаладағы жасыл желектің бәрі бір мезетте құрып кеткен болатын. 

Соңғы жаңалықтар