Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 17 °С
Алматы: 17 °С
USD 345.55 EUR 401.01
RUB 5.45 CNY 50.98
Жаңалықтар

Ақтөбеде 1,7 миллион теңге пара алған бөлім басшысы тергеу аяқталғанша қамауда болады

2018 жылғы 13 шілде 19:36 371
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде 1,7 миллион теңге пара алған бөлім басшысы тергеу аяқталғанша қамауда болады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде заңсыз кәсіпкерлік туралы қылмыстық істі сотқа дейін тоқтату үшін 1,7 миллион теңге пара алды деп күдікке іліккен Б. Мерей екі ай қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Ұқсас жаңалықтар
«Транстелеком» басшысы бюджет қаржысын қалай ұрлады Ақтөбеде бірқатар шенеуніктер қамауға алынды

Ақтөбеде Мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметі басшысының міндетін атқарушы Б.Мерейдің ұсталғаны туралы ақпарат кеше тарады.

Ал бүгін №2 Ақтөбе қалалық сотында 2 ай қамауға алу туралы бұлтартпау шарасы санкцияланды.

«2016-2018 жылдар аралығында облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері бірнеше рет «МаксГазКомпани» ЖШС-нің басшылығынан сұйытылған газды заңсыз тасымалдау дерегі бойынша жауап алды. 2018 жылдың маусым айында Мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметі басшысының міндетін атқарушы Б.Мерей істің уақыты өтуіне байланыс жабуға болатынын, ол үшін арнайы сыйақы қажет екенін айтады.

Компания басшысы Есенов қылмыстық іске арласпау үшін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департамент қызметіне хабарласады. 2018 жылдың 11 шілдесі күні сағат 17:00-де Б.Мерей газ компаниясының өкіліне телефон шалады. 17:30-да Есенов қаладағы балалар ауруханасының автотұрағына ақшаны апарады. Б.Мерей 1,7 миллион теңге пара алу үстінде ұсталды»,- деді мемлекеттік айыптаушы Жәнібек Төребеков.

Қылмыстық кодекстің «Пара алу» бабы бойынша іс қозғалды.

Тергеу жұмыстары аяқталғанша күдікті изоляторда отырады.

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
Мұрағат