Ақтөбе жастары жалғызбасты соғыс және еңбек ардагерлеріне көмектесуде (ФОТО)

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - «Кеңес» жастар қоғамдық бірлестігі «Жеңіс күніне дейін 100 күн» акциясын бастады.

Сабақтан кейін жастар - мектеп оқушылары, студенттер, еріктілер егде жастағы жандарға өз еріктерімен көмектеседі: олар аулалардағы қарды тазалап, үйлерін жинайды, ардагерлерге мүмкіндіктеріне орай азық-түлік сатып алады.

«Біз мұқтаж адамдарға бұрын де көмектесіп жүретінбіз, бірақ Ұлы Жеңістің 70 жылдығына дейін 100 күн қалғанда осындай атпен мақсатты акцияны бастауды шештік. Өкінішке қарай, біз соғыс және еңбек тылының ардагерлерін көріп отырған соңғы ұрпақпыз. Сондықтан біз оларға қамқорлық жасауымыз керек», - деді «Кеңес» жастар бірлестігінің өкілі Арслан Қарханов.

Өткен сейсенбіде балалар еңбек майданының қатысушысы Тамара Братчикованың үйінде болды. Тамара Сергеевна үй шаруасын қиындықпен атқарады. Жігіттер қолдарына күректер алып, оның ауласын қардан тазалады, қыздар болса өз кезегінде үйін жинастырды.

«Күндіз еңбек ардагері Анна Юрченконың үйіне де бардық. Қарт ана қатты қуанды. Ол жалғыз тұрады. Біз ардагерлеріміз туралы Жеңіс күнінің қарсаныңда ғана емес, одан да жиірек еске алып, оларға көмек көрсетуіміз қажет», - дейді жастар бірлестігі белсенділерінің бірі Екатерина Сабуть.

Соңғы жаңалықтар