Ақтөбе, Жамбыл, Түркістан, Алматы, Қызылорда мен ШҚО-да дизель бағасын себепсіз өсіріп жіберген

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанар-жағармай стансаларындағы дизель отынының бағасына тұрақты негізде мониторинг жүргізіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, өткен аптада Ақтөбе, Жамбыл, Түркістан, Алматы, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында дизель отынына шекті бағаның өсу фактілері анықталды.

БҚДА аумақтық бөлімшелері жүргізген баға мониторингінің қорытындысы бойынша әкімшілік хаттама жасау үшін материалдар Табиғи монополияларды реттеу комитетіне жіберілді.

Дизель отынының бағасын тұрақтандыру үшін БҚДА жанындағы биржалық комитет биржалық сауда-саттықты тоқтата тұру жөнінде шешім қабылдады.

АЖҚС тарапынан дизель отынын таңдап сату тәсілі бойынша, яғни Қазақстан Республикасының азаматтарына дизель отынын сатпай, есесіне, шетел өткізілген жағдайда, БҚДА тарапынан шаралары қабылданады.

Бастапқы және қайталама қайталама сауда нарықтарына қатысушылардың бағаны көтеруінің негізділігі де монополияға қарсы тексерулерге себеп болып саналады.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі кәсіпкерлерді бәсекелестік заңнамасының талаптарын мүлтіксіз сақтауға және Қазақстан азаматтарына дизель отынын толық көлемде, шектеусіз сатуды қамтамасыз етуге шақырады.

Дизель отынына шекті бағаның өсу фактісі болса, азаматтарды Табиғи монополияларды реттеу комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, ал, дизель отынын өткізуден бас тартқан кезде - Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аумақтық бөлімшелеріне, сауда жасайтын және қызмет көрсететін жеке кәсіпкерлер немесе ұйымдар алданған кезде - Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне хабарласуға болады.


Соңғы жаңалықтар