«Ақтөбе-Ұлғайсын» автожолын қаржыландыру тетіктерін анықтау қажет - Әлихан Смайылов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында жергілікті атқарушы орган мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жол құрылысына қатысты тапсырмалар жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Премьер-Министр қазіргі уақытта халықаралық транзиттік дәліздермен қоса, Қазақстандағы жолдардың желісі белсенді түрде дамып келе жатқанын атап өтті.

Ақтөбе облысының автомобиль жолдарын салуға және реконструкциялауға биыл 50,3 млрд теңге бағытталды. Жыл қорытындысы бойынша нормативтік талаптарға сәйкес республикалық жолдардың үлесі 87%-ға, ал жергілікті жолдар 72%-ға дейін жеткізілуі тиіс.

«Әкімдік жұмыстарды жергілікті бюджеттен бірлесіп қаржыландыруды уақытлы қамтамасыз етуі тиіс. Сонымен қатар, салалық ведомство «Ақтөбе – Ұлғайсын» автожолының құрылысын қаржыландыру тетіктерін анықтап, жұмысқа кірісуі қажет»

, - деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ, Үкімет басшысы «Ақтөбе – Атырау – РФ шекарасы» автожолының учаскесін реконструкциялау барысымен танысты. Учаскенің ұзындығы – 96 шақырым, оның 77 шақырымы 1-техникалық санатқа сәйкестендіріледі. Жоба бойынша жұмыстар 2023 жылы толығымен аяқталуы тиіс. Осы жылдың соңына дейін мердігерлер екі жолақты асфальттау жұмыстарын аяқтап, Қандыағаш қаласына дейін көлік қатынасын ашуды жоспарлап отыр.

Еске салсақ, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында өңірдің кешенді әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өткізді.

Бірқатар маңызды инфрақұрылымдық және өндірістік нысандарды аралады.


Соңғы жаңалықтар