Ақтөбе тұрғынын азаптағаны үшін сотталған полиция қызметкерлері ақталып шықты

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облыстық сотында төрт полиция қызметкеріне қатысты апелляциялық сот отырысы болды. Төртеуі де ақталып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, полиция қызметкерлерінің үстінен Қылмыстық кодекстің «Азаптау» бабы бойынша іс қозғалып, бәрі де бас бостандығынан айырылған болатын.

Іс материалына сүйенсек, 2019 жылдың 25 қаңтар күні сағат 18:40 пен 22:40 аралығында бір топ полиция қызметкері жәбірленуші Р.Құлмұхамбетовты ұрып-соғып өзі істемеген қылмысты таңып, мойындатпақ болған. Басына полиэтилен пакетін кигізіп, психологиялық қысым көрсеткен, бірнеше ұрлықты өз мойнына алуға көндірмек ниетпен тепкінің астына алған. Бұл іс бойынша Ақтөбе қаласы Алматы аудандық №4 полиция бөлімі бастығының орынбасары Руслан Есанов пен оның қол астындағы Марат Темірғалиев, Дастан Ходжибаев пен полиция лейтенанты Асылбек Таласбаевқа айып тағылды. №2 қалалық соттың үкімімен олар 4-5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ал бүгін облыстық соттың үкімі шықты. Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, төрт полиция қызметкері де сот залында ақталды.

Соңғы жаңалықтар