Ақтөбе тұрғыны оқ тиіп жараланып, ауруханаға түсті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе тұрғыны оқ жарақатымен ауруханаға түсті. Бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде оқ атылып, 31 қаңтар күні таңда жараланған ер адам ауруханаға жеткізілді. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалған. Күдікті ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалды.

«31 қаңтар күні сағат 07:00-де жедел жәрдем ауруханасының травматология бөліміне ақтөбелік тұрғын жеткізілді. Түскен кезде жағдайы орташа ауыр болды. Жедел ота жасалып, оң жақ қолына хирургиялық тазалау отасы жасалды. Оқ жарақатының орны таңылды. Ауруын басатын дәрі берілді. Қазір науқастың жағдайы тұрақты», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар