Ақтөбе тұрғыны БТР техникасын сатпақ болды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе полициясы БТР техникасын сатпақ болған адамды анықтады. Қазіргі кезде тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақтөбе облыстық полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Өрлеу ауылындағы карьердің аумағында қандай да бір белгілері мен құжаттары жоқ «БТР-60» техникасын тапты. Техниканың карьер инженеріне тиесілі екендігі анықталды. Ер адам оны шамамен 2000 жылдары белгісіз біреуден сатып алғанын және қажет болмаған соң қайта сатпақ болғанын айтты. Нақтыласам, бұл - атуға арналған әскери техника емес, жай қаңқасы ғана. Ресейден алған», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Қазір Қылмыстық кодекстің 386-бабы 1-бөлігі бойынша іс қозғалып, тіркелді.

«БТР» Ақтөбе қаласындағы коммуналдық автотұраққа қойылды.

Айта кетейік, бұған дейін де Ақтөбеде бір әскери техника табылды. Онда иесі техниканы металл қабылдау орнына өткізбек болды.



Соңғы жаңалықтар