+7 (701) 759 90 19
USD 387.37 EUR 428.55
RUB 6.06 CNY 55.06
Jańalyqtar

Ақтөбе тұрғындары жаңа салынған көпқабатты үйдің құрылысына наразы

2019 жылғы 11 шілде 16:58
Бөлісіңіз:
 Ақтөбе тұрғындары жаңа салынған көпқабатты үйдің  құрылысына наразы

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі Батыс-2 ауданының тұрғындары арасы тығыз, ойын алаңы кішкентай, автотұрағы қарастырылмаған құрылысқа қарсы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа ауданның тұрғындары құрылысқа рұқсат берген мемлекеттік мекеменің ісін түсінбей дал. Себебі жаңа құрылыс іске асса бесінші қабаттың тұрғындары терезеден келесі үйдің ішін анық көріп отырады. Ойын алаңы кішкентай, көлік қоятын жері аз. Әрі құрылыс жұмыстары кезінде техникалық қауіпсіздік ережелері сақталмаған.

«Тереземіздің алдынан төртінші үй салынып жатыр. «Жилище» тұрғын үй кооперативі үш үйді ғана көрсетіп, біз келісім бердік. Екі бесқабатты үй қарма-қарсы тұр екен, тіпті ұят, бесінші қабатты көршімізді көріп отырамыз. Балалардың ойнайтын жері де белгісіз. Жас отбасылар қоныстанса баланың ойнайтын жерін де таба алмаймыз. Құзырлы органдарға шағымданып, әкімдіктен де көмек сұрадық. Арызды тұрғын үй кооперативіне берген едік, жауап жоқ», - деді қала тұрғыны Мадина Қонақбаева.

null

Бірақ мемлекеттік мемеке өкілдері сараптама жасалғанын, екі үйдің арасы 6 метрден асса, өрт қауіпсіздігі ережесі сақталатынын айтып отыр.

«Компания құрылыс-монтаж жұмысының басталғанын айтты. Алдағы уақытта территория қоршалып, паспорты ілінеді. Мұнда үйлердің арасындағы қашықтық 6 метрден асады. Демек өрт қауіпсіздігі ережесі сақталған. Жер учаскесі берілген кезде жан-жақты көлік кіруге арналған жол болатыны қарастырылған. Балалардың ойын алаңы да болады. Құжаттары түгел, мемлекеттік сараптамадан өтіп, жұмыс басталған», - деді облыстық сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Оксана Сопрун.


null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT