Ақтөбе шаруаларына асыл тұқымды ірі қара тегін беріледі

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе шаруалары асыл тұқымды ірі қараны тегін ала алады. Тек жыл сайын төлдің тең жартысын «Ақтөбе» ӘКК» АҚ-на беріп отыруы тиіс, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақтөбе» ӘКК» АҚ 2,2 миллиард теңгеге Австралиядан 2500 бас мүйізді ірі қара сатып әкелуді жоспарлап отыр. «Герефорд» тұқымды ірі қара кейін шаруаларға тегін таратылады.

«Шаруашылықтарға несие төлеу өте қиын. Сондықтан «Ақтөбе» ӘКК «Агробизнес» бағдарламасы аясында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-нан несие алады. Бір шаруашылыққа кем дегенде 250 бас ірі қара тегін беріледі. Келесі жылы төлдейді, сол төлдің тең жартысын «Ақтөбе» ӘКК» АҚ-ына беруге міндетті. 5 жылдан соң 250 бас асыл тұқымды ірі қара да сол шаруашылықта қалады», - деді «Ақтөбе» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы Ануар Маханов.

Шаруашылыққа жем-шөпті уақтылы дайындау, асыл тұқымды ірі қараға қажетті кешенмен қамтамасыз ету талабы қойылады.

«Асыл тұқымды ірі қара сатып алу үшін Канада және Австралия елдері таңдалды. Канадада баға қымбат болған соң Австралияға тоқталдық. Қажет болса көршілес Ресейден де алуға болады. Етті бағытты таңдап отырмыз», - деді Ануар Маханов.

Соңғы жаңалықтар