+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

Ақтөбе рельс зауыты өнімдерін сынақтан өткізу туралы ресейлік ғылыми-зерттеу институтымен келісім жасады

2016 жылғы 18 қараша 05:30
Бөлісіңіз:
Ақтөбе рельс зауыты өнімдерін сынақтан өткізу туралы ресейлік ғылыми-зерттеу институтымен келісім жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе рельс арқауы зауытының рельс өнімдері Кеден одағының «Темір жол көлігі инфрақұрылымы қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентке сәйкестігі жөнінде сертификатқа ие болды, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Бұл сертификат рельс өнімдерін «1520 кеңістігі» мен ЕАЭО елдеріне экспортқа шығаруға мүмкіндік береді. Мәскеудегі Бүкілресей темір жол көлігі ғылыми-зерттеу институты («БҒЗИ» АҚ) ұйымдастырған рельс өнімдерін сынаудың бірыңғай талаптарын жасау мәселесіне арналған конференцияда осы жай айтылды.
«БҒЗИ» АҚ зертханасының меңгерушісі А. Борцтың айтуынша, «Ақтөбе рельс арқауы зауытының ДТ350 категориясындағы рельстерін сынақтан өткізу нәтижесінде оның механикалық қалыбы, төзімділігі, жарықшаққа шыдамдылығы секілді техникалық мінездемелері сапасы бойынша әлемдік өнім өндірушілермен сәйкес келеді. Кей жағдайларда олардан да сапалы тұстары бар».

«Биыл мамыр мен қазан айлары аралығында рельс арнайы сынақ полигонында тәжірибеден өткізілді. 150 миллион тонна бруттолық жүктер өткізілгеннен кейін жолдан жарықшақты рельстер байқалған жоқ. Рельстің 150 миллион тонна жүк өткізілгенен кейінгі шыдамдылығының гамма пайыздық өлшемі 100% құрады. Қазақстандық өнім өндірушілер шығаратын Р65 түріндегі ДТ350 рельстері ГОСТ Р 51685-2013 барлық талаптарына сәйкес келеді», - деді «БҒЗИ» АҚ сынақ зертханасының бастығы А. Савин.
Рельс өнімдерінің қаншалықты ұзақ сақталатындығын анықтау үшін 750 миллион тонна бруттодан да жоғары салмақтарға сынақтар жалғасатын болады. Соған байланысты конференция қорытындысы бойынша Ақтөбе рельс арқауы зауыты мен Бүкілресей темір жол көлігі ғылыми- зерттеу институты арасында өнімдерді сынақтан өткізу туралы келісім жасалды.

Конференцияда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бас инженері Б. Орынбасаров сөз сөйледі. Ол «қазақстандық өнім өндірушілер мен ресейлік сынақ зерттеу институты орталығының арасындағы белсенді серіктестік жоғары қауіпсіздік талаптарын сақтау мен темір жол өнімдерін ЕЭО пен «1520 мм кеңістігіндегі» сапалық деңгейді тұрақтандыруға қызмет етеді», деді ол.
Конференция қатысушылары бұдан басқа темір жол рельстерінің мемлекетаралық стандарттары жобасын жасау тұрғысындағы мәселені талқылады. Аталмыш құжат 2017 жылы бекітілетін болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT