Ақтөбе прокуратурасы дәрі-дәрмек бағасын өсірудің 78 дерегін анықтады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе прокуратурасы дәрі-дәрмек бағасын өсірген 78 деректі тіркеді. Дәріханалар иелеріне айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Прокуратура Ақтөбеде қаласындағы дәріханаларды бақылауға алды. Мәселен, облыс орталығында« Меропенем 1.0» дәрісінің 5 флаконы 46 500 тг сатылған. Ал оның бағасы 28 138 теңге болуы тиіс.

«»Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске сай дәрі бағасын өсіргендерге қатысты 8,4 миллион теңге айыппұл салынды. 35 адам жауапқа тартылды. Өзге іс қаралып жатыр. Заңсыз айналымнан 7,5 мың дәрілік зат пен қорғаныш құралы тәркіленді«, - деді Ақтөбе қаласы Алматы ауданының прокурор Жасұлан Дәулембаев.


Соңғы жаңалықтар