Ақтөбе прокуратурасы: Балаларды жеке мектепке ауыстыру ісі заңсыз

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде орта мектептерде бала саны артып, облыстық білім басқармасы балаларды жеке мектепке ауыстыруға шешім қабылдады. Облыстық прокуратура бұл шешімді заңсыз деп тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласындағы Батыс-2 ауданында мектепке оқушылар сыймай жатыр. Облыстық білім басқармасы балаларды жеке мектепке ауыстырып, жергілікті бюджеттен 100 миллион теңгеден астам қаржы бөлді. Прокуратура тексеруінен соң бұл шешімнің заңға қайшы келетіні мәлім болды.

«Жаңа оқу жылы басталған кезде №63 және №64 орта мектеп балаларын өзге оқу ордасына ауыстыру бағытындағы жұмысқа ата-аналар қарсы болды.  Облыстық прокуратура Ақтөбе қалалық білім бөлімі мен мектеп директорларының жұмысына заң аясында тексеру жүргізілді. ҚР «Білім туралы» Заңының 47-бабы, 1-тармағына сәйкес кез келген оқушы өзі қалаған мектепте білім ала алады. Осы заңға сүйеніп прокуратура Ақтөбе қаласының әкіміне заңсыздықты жоюға ұйғарым берді», - деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, қазіргі уақытта балалар №63 және №64 мектепте оқып жатыр. Оларды «Сымбат» жеке мектебіне баруға ешкім міндеттей алмайды.

Соңғы жаңалықтар