Ақтөбе полициясы жоғалған малды дронмен іздеуге кірісті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде жоғалған малды іздеу кезінде ұшқышсыз ұшу аппараты қолданылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы, Қобда аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірге ұшқышсыз ұшу аппаратының көмегімен рейд өткізді. Олар бақташысы жоқ, қараусыз жүрген малды анықтады. Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу туралы» бабы бойынша 167 әкімшілік хаттама толтырылды.

«Арнайы ұшқышсыз ұшу аппараты полиция жұмысын жеңілдетті. Әсіресе, жоғалған малды іздеу кезінде көмегі мол. Ресеймен шекаралас Қобда ауданының аумағында бір үйір жылқы шекарадан өтіп кетіп, бірден шара қолданылды. Бұл тәжірибені алдағы уақытта да іске асыратын боламыз», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар