USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Ақтөбе полициясы неліктен журналистерден түсініктеме алғанын түсіндірді

2022 жылғы 14 қаңтар 20:50
Бөлісіңіз:
Ақтөбе полициясы неліктен журналистерден түсініктеме алғанын түсіндірді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде бес журналист полиция департаментіне шақырылып, олардан жауап алынды. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бәрі куәгер ретінде шақырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде баға тұрақтылығы үшін жергілікті тауар өндірушілерге субсидия беріледі Ақтөбеде төтенше жағдайлар қызметі 33 адамды құтқарды Ақтөбеде жастарға қайтарымсыз грант беру жалғасады

Ақтөбе облысында алаңға барып, жұмыс істеген журналистерден жауап алынды. Біреуінің үйін тінтіп, ұялы телефоны тәркіленді. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бәрі куәгер ретінде шақырылған.

«4 қаңтардан бастап облыс әкімдігі алдындағы алаңда бірнеше күн митинг өтті. Қазіргі уақытта облыстық полиция департаменті жаппай тәртіпсіздіктің белсенді қатысушыларын анықтауға бағытталған жедел іс-шара жүргізіп жатыр. Соның ішінде күдіктілерді анықтау және бейне жазбаның бар-жоғын тексеру, түсініктеме беру үшін кейбір журналист куәгер ретінде шақырылды. Телефондарда сақталатын фото және бейне материалдарды зерделеу жүргізілуде. Тексеруден кейін байланыс құралдары иелеріне қайтарылады.

Ведомствоаралық тергеу тобының барлық іс-әрекеттері тергеу прокурорымен келісілген және ҚІЖК нормаларын бұзуға жол берілмеген. Көрінеу жалған ақпарат таратуға жол берілмейтіні туралы ескертеміз. Төтенше жағдай кезінде мұндай дерек анықталса, ҚР ҚК 274-бабына сәйкес жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Билік өкілдеріне қатысты зорлық-зомбылық көрсету, ғимараттарға шабуыл жасау, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру мен терроризм актілерінің барлық фактісі бойынша облыста сотқа дейінгі 14 тергеу басталды. Олардың ішінде аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 12 адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Еске сала кетсек, бұған дейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұсталған БАҚ өкілдеріне қатысты әрбір жағдайды мұқият тексеретінін мәлімдеген болатын.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT