Ақтөбе полициясы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде полиция қызметкерлері күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті. Жеке құраммен бірге Ұлттық ұланның сарбаздары бір апта бойы үздіксіз жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында 31-желтоқсан және келер жылдың 1-5 қаңтар аралығында Ақтөбе облыстық полиция департаментінің жеке құрамы күшейтілген қызмет түріне ауыстырылады.

Көшелерде полиция жасақтарының, соның ішінде жаяу жүретін жасақтардың саны артты.

Сондай-ақ мерекелік іс-шаралар өтетін, адам көп шоғырланатын орындарды түгел қамту үшін жоспар құрылған.

Ішкі істер органдары қызметкерлерінен басқа қоғамдық тәртіпті сақтауға Ұлттық ұланның сарбаздары мен қызметкерлері жұмылдырылды.

«Мереке күндері полиция құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін кешенді іс-шаралар өткізеді. Саптық қызметтің жеке құрамына бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, қоғамдық тәртіпті қорғауды жүзеге асыру және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету тапсырылды», - деп атап өтті облыстық ПД ЖПҚБ бастығы Ардана Саймағамбетов.


Соңғы жаңалықтар